Ара ұясын тасымалдайтын арбада 20 келі марихуана жасырған тұрғын ұсталды

301
25.11.2021 06:40

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі есірткі жасырған. Күдікті заңсыз тауарды сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысып келген. Оны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қолға түсірген.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері түркістандық полицейлер заңсыз айналымнан 5 тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеп, 55 сатушыны ұстаған. Сондай-ақ ірі көлемде есірткіні сақтаудың 25 оқиғасын анықтапты.