АҚШ Президенті Джо Байден жанармай бағасын төмендету үшін бірқатар шараларды қолға алуда. Бұған дейін Қытай, Үндістан және Ұлыбританиямен келісім туралы белгілі болған еді. Оған сәйкес, аталған елдер өздерінің стратегиялық қорларынан миллиондаған баррель мұнайды еркін саудаға шығарады. Джо Байден өз кезегінде рекордтық 50 миллион баррель мұнайды стратегиялық резервтен босатады.
Оған АҚШ-тағы жанармай бағасының өсуі себеп. Нәтижесінде Джо Байденнің рейтингі барған сайын төмендеп барады. Ал ОПЕК ұйымы атап айтсақ, Парсы шығанағындағы мемлекеттер бұл шараларға қарсы екендіктерін жеткізді.
️