Түркістан облысындағы кітапханалар қоры жаңа кітаптармен толықты

338
24.11.2021 04:09

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Түркістан обылысының  кітапханалар қоры 354 жаңа кітаппен толықты. Бұл туралы мәдениет басқармасының басшысы мәлімдеді. Әзімхан Қойлыбаевтың айтуынша өңірде мерекеге орай рухани және мәдени іс-шаралар жүйелі түрде өтіп келеді.

Бұл ретте биыл Түркістан қаласында пайдалануға берілген «Ұлы Дала Елі» орталығы, Түркістан музыкалық драма театры және «Farab» кітапханасы өңір руханияты үшін тың серпін берген.