Жетісайлық тәртіп сақшылары 49 миллион теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған алаяқты ұстады. Алтын сатумен айналысатын жәбірленуші әйел, аудандық полиция бөліміне өзінің алданғанын айтып арызданған. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жан-жақты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталды.
Белгілі болғандай, алаяқ әйел жәбірленушіден жымқырған алтын бұйымдарын Жетісай ауданындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазір ірі мөлшердегі алтын бұйымдар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.
️