Өңірде ресейлік автокөліктердің қатысуымен 150 жол апаты анықталған

224
24.11.2021 04:04

Түркістан облысында жыл басынан бері Ресей көліктерінің қатысуымен 150 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 52 адам қаза тауып, 151 адам жарақаттанған. Өңірде ресейлік нөмір таққан, бірақ есепте жоқ 12 мыңнан аса машина жүр. Статистикаға жүгінсек, тіркеусіз автокөлік тізгіндегендер 55 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болып, 900 миллионнан астам айыппұл арқалаған.

Сонымен қатар, түркістандық тәртіп сақшыларымен белгіленген жүру жылдамдығын арттырған 23 мың жүргізуші жолдың жүру бөлігіндегі таңбаларда көрсетілген талаптарды сақтамаудың 4479 дерегі анықталып отыр.