Байқоңыр ғарыш туристерін тартуда. 8 желтоқсан күні екі жапон азаматы мен ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин Халықаралық ғарыш станциясына аттанады. Экипаж ғарыш айлағына келді. Енді межелі күнге дейін дайындықтарын жалғастырады. Айта кетейік, команданы дайындау үш аптаға жуық уақытты алады.
Қазіргі таңда олар борттық құжаттамамен танысып, жүйелерді сынақтан өткізіп үлгерді. Ғарыш туристері халықаралық станцияда 12 күн болады. Айта кетейік, кеңістіктегі станцияға ғарыш саяхатшылары соңғы рет 2009 жылдың қазан айында сапарлаған. Онда жалпы 7 турист болып қайтқан.
️