Алматыда вакцина салдырған 70-ке жуық адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қаланың денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты. журналистер сұрағына жауап берген ол, нақты 69 адам екпе қабылдағаннан кейін стационарға түскенін мәлімдеді. Бірақ, пациенттердің ауыруы вакцинадан ба? Жоқ па? Соны анықтау мақсатында эпидемиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Осыған дейін Алматыда вакцина салдырған соң екі адам көз жұмғаны туралы ақпар тараған еді. Ведомства басшысының сөзінше, олардың біреуі 4-перзентхананың қызметкері, Алматы облысының тұрғыны. Өлім себебі жүрек жеткіліксіздігі екендігі анықталды. Екіншісі – 42 жастағы Алматы тұрғыны. Оның өліміне қатысты тергеу жүргізілі жатыр.
️