Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

255
23.11.2021 04:32

Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері бірлескен оқу жаттығу өткізді. Әскери жиын көршілес елдің оңтүстігіндегі “Термез”полигонында болды. Шараға Қазақстан тарапынан жүзден астам әскери қызметші қатысты. Сонымен қатар СУ - 30 СМ көпфункционалды жойғыш буыны С-295 әскери көлік ұшақтары тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. 

Қазақстандық бөлімшелер іздестіру барлау,тұтқиылдан жасалған шабуылдың алдын алу, озық жасақтарды жою сынды бірнеше тапсырмаларды орындады. Қамқорлық -2021 бірлескен оқу жаттығуы 24 қарашаға дейін жалғасады.