Хорватия астанасы Загребте 15 мыңнан астам адам ереуілге шықты. Оған биліктің екпе алмаған тұрғындарға шектеу енгізуі себеп болған. Айта кетсек елде қоғамдық орындарға тек вакцина құжаты бар адамдар ғана кіру туралы шешім шығарылған.
Ал шерушілер бұл азаматтардың құқығын таптау деп отыр. Үкімет науқанды аймақтағы эпидахуалдың күрт нашарлауымен түсіндірді. Осыған орай тұрғындарға жаппай вакцина салдыру жүктелген.
️