Германияда короновирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын 5 миллионнан астам адам салдырды. Елде 18 жасқа толған азаматтардың барлығына ревакцинациялау рұқсат етілген. Айта кетсек бұған дейін екпенің үшінші компонентін егде жастағылар мен медицина қызметкерлері ғана алған.
Жергілікті билік өкілдері 25 миллион тұрғынға қайта екпе салуды көздеп отыр. Себебі қазір аймақта вирус жұқтыру деректері көптеп тіркелуде. Мәселен соңғы бір тәулікте 50 мыңнан астам адамнан қауіпті дерт анықталған.
️