33 мемлекет бензинмен жүретін көліктерден бас тартпақ

309
22.11.2021 03:43

20 жылдан кейін әлемнің 33 мемлекеті бензинмен жүретін жаңа көліктерден мүлде бас тартпақ. Глазгода өткен бүкіләлемдік саммитте 6 автоөндіруші осылай мәлімдеді. Бұл елдердің қатарында Ұлыбритания, Үндістан, Австрия мемлекеттері бар.

Бірақ Германия уағдаластыққа қосылған жоқ. Өйткені немістер ауаға зияны тимейтін көліктер 2035 жылдан бастап шығарыла беруі керек деген пікірде. Осы Еуропалық одақта өткен айда көлік сатылымы 30 процентке кеміген. Жыл  басынан бері одақта 8 млн автокөлік сатылыпты.