Түлкібастағы орталық аурухана күрделі жөндеуден өтті

240
22.11.2021 03:36

Індет кезінде емдеу орындарының талапқа сай, жаңа технологиямен жабдықталуы маңызды екені анық көрінді. Вирустың беті қайтып, сырқат саябырсыған уақытта Түлкібас аудандық орталық ауруханасын күрделі жөндеу басталып кетті. Арнайы құрылғылар да жеткізілуде. Ол үшін бюджеттен 1 млрд 445 мың теңге бөлінген.