Вакцинация бойынша көптеген ел Қазақстанның деңгейіне жетпеген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен онлайн кездесуде айтты. Сондай-ақ ол QazVac екпесін қолдайтынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектердің тізіміне қосу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеген. Себебі отандық вакцинаның тиімділік деңгейі 96 проценті құрап отыр. Ал Президент пандемияның алғашқы айларында қорғаныш құралдары мен медициналық жабдықтарды жеткізіп бергені үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ризашылық білдірді.
️