Бір жарым жыл бойы іздеуде жүрген қылмыстық топ мүшесі ұсталды. Ол 2019 жылы Түркістан мен Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен айналысқан. Қылмыстық топ 70 миллионнан астам шығын келтірген. Нақтырақ айтсақ, 150-ден астам жылқы мен сиырды жымқырған.
Яғни, мал ұрлығының 19 жайтына қатысты болған. Іздеуде жүрген ер азамат Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында бой тасалап жүргені анықталды. Қылмыскерлер ұрланған малдарды өз пайдалары үшін сатып отырған. Бұған дейін топтың 5 мүшесі ұсталған еді. Еске салсақ, жыл басынан бері Түркістан облысында 214 мал ұрлығы қылмысы тіркелген.
️