Түлкібаста кезекте тұрған 450 тұрғынға жер телімі беріледі

312
19.11.2021 04:04

Түркістан облысы Түлкібас ауданында кезекте тұрған 450 адамға жер телімі беріледі. Бүгінде 3 елдімекенде инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазірде Су құбырлары тартылып, электр бағаналары орнатылған. Енді кәріз жүйесін жүргізу мен асфальт төсеу жұмыстары қалған. Түлкібас кентінен жеке баспана салуға 146 жер телімі бөлінген. Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді деп жоспарлануда. А

л 158 жер телімі Састөбе ауылынан беріліпті. Мұнда да 2 көпқабатты тұрғын үй мен саябақ және ойын алаңшалары түседі. Сондай ақ, Балықты елді мекенінде кезекте тұрған 177 адамға 36 гектар жер үлестірілмек.  Айта кетейік, аталған ауданда 6500 адам жер кезегінде тұр.