«Гол салмайтын, тек халық қазынасына қол салатын футболшыларға миллиардтарды бөлуді тоқтататын уақыт жетті». Бұл Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның ұсынысы. Халық қалаулысы футбол Федерациясының бас хатшысы Асхат Айтхожинның 200 млн теңгеден бас тарттық дегенімен келіспейді. Оның айтуынша қазақ футболына бөлінетін қаражаттың есебі жоқ. Статистиканы сөйлетсек, соңғы үш жылдың өзінде жергілікті әкімдіктер клубтарға 100 млрд теңгеден астам ақша аударған.
Ал, премьер лигадағы 370 ойыншының 150-і легионер екен. Фифа рейтінгісінде ТМД елдері арасында футболға ең аз қаржы жұмсайтын Қырғызстаннан да төмен тұрмыз. Қазыбек Жарылқасынұлы халық қазынасы қазақ футболын дамытуға емес, шетелдік аяқдопшыларды байытуға жұмсалып жатыр деп есептейді.
️