Шымкентте Елбасының аттасы хирург Нұрсұлтан Назарбаев тұрады

187
18.11.2021 04:24

Шымкенттік тұрғын Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Ол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саясат сахнасында таныла бастаған тұсы. Осы жақсылықты ырымдаған ағасы Өзбекстанда туған жас сәбиге Нұрсұлтан есімін беріпті.

Бүгінде отыздан асқан Назарбаев Шымкентте жеке медицина ұйымын тізгіндеп отыр. Сөзінше Елбасы есімін абыроймен арқалау – оңай емес. Атына кір келтірмеу үшін ол барымды аямаймын дейді.