Ордабасы ауданында 137 заңсыз жайылымдық жер анықталды

167
18.11.2021 04:21

Ордабасы ауданында 15 гектарлық 137 заңсыз жайылымдық жер анықталған. Одан бөлек 216 гектарлық 19 жер учаскесі заңыз пайдаланылып келген. Жерді иеленушілерге Жер кодексінің 92-94 баптарының талаптарына сәйкес іс қозғалды.  Енді олар 1 жыл ішінде жер учаскелерін игермеген жағдайда сот тәртібімен аудандық қорға қайтарылатын болады.

Негізі аудандағы жалпы ортақ жайылым көлемі 8 мың гектардан асады. Оның көлемін 15 мыңға арттыру жоспарланып отыр екен. Себебі, аудан ауылшарушылығы бойынша өнім өндіруден алда келе жатыр.