Атышулы іске нүкте қойылды

160
28.05.2021 11:33

Елордада LRT қаржысын жымқырғандарға қатысты сот үкімі шықты. Олар бюджеттен бөлінген 5,8 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған. Сот алдында жеті адам жауап берді. Судья құлқы қамын күйіттеген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов – 10 жылға; қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісовті 8 жылға соттады. Сондай-ақ "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім мен мердігердің тағы бір өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты. Ал елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр.