Түркістан
EN

Этникалық және діни алауыздықты болдырмау мәселесі талқыланды

306
18.11.2021 09:11

Этникалық және діни алауыздыққа жол жоқ. Облыстық қоғамдық даму басқармасы ұлтаралық және дінаралық кемсітушілік пен жанжалдарды болдырмау мәселесін талқылады. Жиынға үкіметтік емес ұйымдар, түрлі ұлт пен конфессия өкілдері қатысты.

Түрлі ұлт өкілдері арасында жанжалдың алдын алу өңірдің ғана емес мемлекеттің тұрақтылығын сақтаудың жалғыз жолы екені атап өтті. «Бұндай жанжалдар дамыған елдерде де болады, бастысы оны қақтығыс фазасына жеткізбеу керек»,- дейді Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары Мақсат Халықов.

️