Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартады. Бұл Федерацияның Бас Хатшысы Азамат Айтхожин мәлімдеді. Бұған себеп Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Ұлттық Құраманың Франциядан 8-0 есебімен ойсырай жеңілуі. Нәтижесінде, отандық жанкүйерлер федерацияны сынға алып, басшылығының қызметтен кетуін талап етті.
Азамат Айтхожин бүкіл федерация және футболшылардың атынан жанкүйерлерден кешірім сұрады. Олардың сынына бас хатшы биыл бюджеттен бөлінген 200 млн теңгенің қаражатты жасөспірімдер және жастар құрамасының қатысқан турнирлеріне және оқу-жаттығу жиындарына жұмсалғанын хабарлады. Айта кетер жайт, бүгін Қазақстан футбол құрамасы Нұр-Сұлтанда Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
️