Түркістан
EN

Польша шекарадағы жағдайға байланысты НАТО-дан көмек сұрады

397
16.11.2021 09:16

Польша Литва мен Латвия билігі шекарасындағы миграциялық дағдарыстың ушығуына байланысты НАТО-дан көмек сұрамақ. Қазір үш ел де шекарасындағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Польша Беларусьпен шектесетін аймаққа арнайы техника мен 15 мың әскер әкелді. Жуырда елге заңсыз өткен 50-ден астам босқынды тәртіп сақшылары Беларуське қайтарған.

Олардың дені Таяу шығыс, Ауғанстан, Ирак пен Ираннан шыққан босқындар. Олар жақсы өмір іздеп Германия мен Батыс Еуропа елдеріне өтуге тырысып жатыр. Шиеленіскен жағдайға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы пікір білдірді. 

️