Сенатта «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты жаңа еңбекті көпшілікке таныстыру рәсімі өтті. Туынды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жарық көрген. Үш томдық жинаққа зобалаң жылдарға қатысты тың деректер мен құжаттар енген. Олардың біразы бұған дейін еш жерде жарияланбаған және Қазақстан ғылымында бұрын-соңды айтылмаған. Ал, кітаптағы кейбір анықтама, бұйрық, қарар сияқты құжаттар көпке дейін аса құпия мәлімет ретінде сақталып келген. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында осындай іс-шаралардың маңызы зор екенін айтты.
️