Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп "Hamkorlik-2021" оқу-жаттығуын өткізбек

242
16.11.2021 04:19

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп «Hamkorlik-2021» оқу-жаттығуын өткізбек. Оған еліміз тарапынан 100-ден аса әскери қызметші қатысып, Су-30 көпфункционалды жойғыштар буыны, С-295 әскери-көліктік ұшақтары жұмылдырылмақ.

Шара барысында жауынгерлер іздеу-барлау операцияларын жүргізу, шабуыл жасап заңсыз қаруланған құралымдарды жою, ұрыс алаңынан жаралылар мен істен шыққан техниканы көшіруге дайындалады. Ал оқу жаттығу жиныны «Термез» өңірлік полигонында 17-24 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған.