Түркістанда волейболдан әйелдер арасында чемпионат басталды

403
15.11.2021 05:04

Нәзік жандылар волейбол алаңында. Түркістанда әйелдер арасындағы 30-шы чемпионат басталды. Бұрымдылар арасындағы жарысқа елімізден 6 команда қатысуда. Атап айтсақ,  Шымкент, Тараз, Қостанай топтары.

Сондай ақ, оралдық «Грация Кз пен Қарағандыдан келген «Теміртау» командалары да бар. Ал, өңіріміздің намысын «Тұран» командасы қорғайды. Сайыс жеңімпаздары 16 қараша күні марапатталады. Тартысты кездесуге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев те барып, аруларға қолдау білдірді.