Тәуелсіздіктің төл құрдасы «Жаноби Қазоғистан» басылымына да 30 жыл. 1991 жылы 5-сәуірден бастап «Достық туы» атауымен жарыққа шыққан мерзімді басылым осы уақытқа дейін талай кезеңдерді бастан өткерді. Оңтүстіктегі өзбек және тәжік оқырмандарының газетін бүгінде көпшілік аймақ айнасы деп таниды. Себебі, облыстағы қоғамдық-саяси мәселелерді кеңінен талқыға салып, терең талдаумен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, этносаралық ынтамықтастықты нығайтатын алтын көпірге де айналып отыр. «Жаноби Қазоғистан» газеті осы уақытқа дейін «Үздік басылым» деп танылып, Қазақстан Халқы Ассамблесының «Шаңырақ» байқауының жеңімпазы ретінде марапатталған. Айта кету керек, осы мерейтойға орай аталмыш газет редакциясы Түркістан шаһарына қоныс тепті.
️