Ресейде кейінгі тәулікте коронавирустан 1239 адам көз жұмды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Соңғы уақытта көрші елде эпидахуал күрт нашарлап кеткен. Мамандар вакциналау қарқынын арттыру керектігін айтады. Бүгінде мұнда тұрғындардың 53 проценті екпенің қажетті екі дозасын да алған. Бұл азаматтар арасында коронавируспен ауырғандардың үлесі 4 проценттен аспайды.
️