35 миллион теңге жымқырған пошта қызметкері ұсталды

256
12.11.2021 04:52

Өзі жұмыс істейтін мекемеден 35 миллион теңге жымқырған пошта қызметкері мен оның 2 сыбайласы ұсталды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне аудандағы пошталардың бірінің қызметкері арызданған. Ол мекемеге тиесілі қомақты қаражатты белгісіз адамдардың қолды еткенін жеткізген.

Белгілі болғандай пошта қызметкері қасындағы 2 сыбайласымен бірге алдын ала сөз байласып, мекеменің қорына жиналған 35 млн теңгені шотына аударып жіберу арқылы жымқырған. Қолды еткен ақшаны олар өзара бөлісіп алыпты. Қазір ұсталған 3-еу қамауға алынды.