Өңірде есірткі қылмысына қатысты 170 қылмыс тіркелген

149
12.11.2021 04:49

Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 170 қылмыс тіркелген. Нәтижесінде 5 жарым тонна психотроптық зат тәркіленген. Оның 47-сі есірткі сату қылмысы, 23-інде аса ірі көлемде саудаламақ болған. Зиянды затты шекара асырмақ болған 36 қылмыстық жағдайдың жолы кесілген. Өңірде әсірсе есірткі тектес өсімдіктерді егу белең алып тұр.

Мұндай 60 факті тіркеліп, жойылыпты. Сондай-ақ, 300-ден астам граффити жазбалары өшірілген. Сонымен қатар, жастардың арасында есірткі тектес заттардың таралуын болдырмау мақсатында 20 дан астам рейдтік іс-шара өткізіліпті.