NASA 2025 жылы айға экспедиция жасамақ

269
11.11.2021 05:09

АҚШ 2025 жылы адамдарды Айға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында NASA бюджет жобасында айтылған. Агенттік осы жобаны жүзеге 2024-і жылы асырмақ болған. Алайда оған қажетті қаражатты Конгресс бермеген. НАСА-ның Ай бетіне астронавттарды жіберу бағдарламасы Артемис деп аталады.

Одан бөлек, «Спэйс икс» Ай бетіне қонуға арналған модульды жасап шығару бағдарламасы да уақытша кейінге шегерілді. Оған себеп Джефф Безостың ғарыш компаниясы «Спэйс икске» қарсы сотқа шағым түсірген. Дегенмен, НАСА келесі жылы айға баратын ғарыш кемесін сынамақ. Бірақ оның ішінде астронавттар болмайды.