Грузияда Михаил Саакашвилиді босатуды талап етіп мыңдаған тұрғын ереуілге шықты. Денсаулығы сыр берген экс-президенттің аштық жариялағанына 40 күннен аса уақыт болған. Оппозиция басшылары қараша айының басында Саакашвилиді ауруханаға жібермесе халықты шеруге шығаратындарын айтқан. Алайда билік өкілдері оны абақтыда емдеген.
Осылайша ел астанасында 20 мыңнан аса адам жиналды. Олар үкіметтің бұл әрекетіне асқан қатыгездік деп бағалайды. Себебі түрмеде оған ем-дом жасауға мүлде жағдай жасалмаған. Сондай-ақ шерушілер Саакашвилидің бостандыққа шығарумен қатар, жаңа сайлау өткізуді талап етуде.
️