Елде ұлттық халық санағы аяқталды. Оның алғашқы нәтижесі желтоқсан айында белгілі болады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов айтты. Санаққа қатысқандардың 40 проценті сауалдарға онлайн жауап берсе, 60 проценті үй-үйді аралау кезінде сұралған.
Бұл жұмысқа 25 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Мамандар санақтың алғашқы нәтижесінде Қазақстанда қанша адам тұратынын айтуға болады дейді. Ал санақтың толық нәтижесі тек 2023 жылдың басында белгілі болмақ.
️