Облыста туберкулез ауруы айтарлықтай бәсеңдеген. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен ғылыми кездесуде айтылды. Нақтырақ айтсақ, өңірде ауру көрсеткіші 27%-ға, ал өлім-жітім 20 процентке азайған. Бұған Түркістан облысында құрт ауруын екі-ақ сағатта анықтайтын молекулалық-генетикалық экспресс әдістің қолданысқа енуі әсер еткен.
Мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен емдеу әдістерінің де өз тиімділігін көрсетіп жатқанын айтуда. Жалпы, республика бойынша өкпе-құрт ауруының көрсеткіші 10-15 пайызға кеміген.
️