Соңғы 30 жыл ішінде 1 миллионнан астам қандасымыз атажұртқа оралған. 1992 – 2017 жылдар аралығында әлем қазақтарының басын қосқан бес құрылтай өтті. Алғашқысы Алматыда, одан араға үш жыл салып әлемге тарыдай боп шашылған қазақтар Түркістанда бас қосты. Ал, кейінгі үш құрылтай 2005-2017 жылдары аралығында Елордада өтті. Рухани шаһарда өткен кездесуге әлемнің 30-дан астам елінен барлығы 500-ге жуық адам қатысты. Әзірет Сұлтан кесенесіне зиярат етті.
Бір айта кетерлігі аталған басқосу ел тәуелсіздігінің он жылдығымен қатар келді. Сондықтан осы жылдары қол жеткен табыстар қамтылды. Әлемнің қырықтан астам елінде тұратын қандастарымызға қолдау көрсету, жағдай жасау жайы талқыланып, оларды шешуде көптеген іс - шаралар атқарылды. Сол кездегі Нұрмахан Назаров та осы шаралардың басы-қасында жүрді. Айта кетейік, осы жиыннан кейін 2003-2005 жылы елге 30 мың отбасы көшіп келген.
️