Америкалықтар танымал репер Трэвис Скотты сотқа берді. Оның концертіне жиылған адамдар дүрлігіп, аяқ астында тапталып қалған еді. Олар денсаулықтарына келген зақымды миллион долларға бағалап отыр. Скоттың өзі марқұмдардың отбасына барынша көмек көрсететінін айтады. Сонымен қатар келушілердің барлығына билеттің құны қайтарылады деп уәде етті.
Естеріңізге салайық, Хьюстон қаласындағы әншінің концертінде 8 адам мерт болып, тағы 300-ге жуығы түрлі жарақат алған еді. Марқұм болғандардың ең жасы 14 жаста.
️