Жертөледе заңсыз кір жуғыш ұнтақ өндірген тұрғын ұсталды

206
10.11.2021 05:09

Түркістан тұрғыны танымал брендтегі кір жуғыш ұнтақтарды заңсыз өндіріп келген.  Ол жер астынан цех ашып, оларды 2, 3 және 6 килограммды қаптарға бөлген. Мұны қаржы мониторинг агенттігінің қызметкерлері анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден аса ұнтақ қаптамасы, 2 тоннадай ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен қаптамалар тәркіленді. Заңсыз іспен айналысқан ер адамға  6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды