Жыл басынан бері 50-ден астам жұмысшы өндірістік жарақат алған

132
10.11.2021 05:07

Түркістан облысында қызметкерлерінің жалақасын уақытылы төлемеген 110 мекеме басшылығына айыппұл салынды. Олардан 6 млн-ға жуық теңге  өндірілген. Сондай -ақ, жыл басынан бері қызмет барысында 52 жазатайым жағдай болған.

Одан 56 жұмысшы зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан. Қайғылы жағдайдың көбі медициналық мекемелерде болған.  Сондай-ақ, өңірдегі жұмыс берушілерді тексеру нәтижесінде 1189 заң бұзушылық дерегі тіркелген.