Нигердің Маради қаласында мектеп өртеніп, 25 оқушы опат болды. Олардың басым көпшілігі 5 пен 6 жас аралығында. Сондай-ақ 100- ге жуық бүлдіршін түрлі жарақат алған. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше аймақтағы үш бірдей мектеп отқа оранған.
Айта кетсек білім ордалары сабаннан жасалған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша жараланған балалар бірден ауруханаға жеткізілген. Алайда зардап шеккен кей оқушылардың жағдайы тым ауыр.
️