Түркістанның туризміне қанша қаражат бөлінсе де, өзге қалалардан қалып бара жатыр. Қалаға 9 айдың ішінде бар жоғы 94 мың қонақ келген. Осылайша, көне шаһар еліміздегі туристерді тартатын өңірлер қатарында 9-шы орынға жайғасты. Ал облыстық Туризм басқармасы бұл дәйекті жоққа шығарып отыр.
Туристерден түскен қаражатты есептеуден бұрын қонақ үй сыйымдылығын да ескеру керек, - дейді олар. Яғни 11 мың қонақ қабылдай алатын Алматы қаласынан, 9 ай ішінде 70 мың турист қабылдаған Түркістан алда.
️