Ресейде локдаун аяқталды

151
09.11.2021 04:49

Ресейде коронавирусқа қатысты локдаун аяқталды. Бүгін Мәскеуде  мейрамхана, дәмхана және сауда орталықтары қайта ашылды. Бірақ бірқатар шектеулер сақталады. Театр, мұражай және жаппай іс-шараларға кіру үшін QR код жүйесі қолданылады. Вакцина салдырғандар мен дерттен жазылып шыққан дәрігерлер және бірқатар стратегиялық сала жұмысшыларын есептемегенде компаниялардың 30 процент қызметкерлері қашықтан жұмыс істей береді.

Ел ғалымдары індетті вакциналауды күшейту арқылы ғана жеңуге болатынын айтады. Ал жұрт жаппай вакцина алмаса, шектеу шараларынан пайда шамалы. Айта кетейік, қазір Ресейде 57 миллионнан астам адам вакцина алған.