Литва мен Беларусь шекарасында қамал салынуда

324
09.11.2021 04:47

Литвада Беларусьпен арадағы шекараға қамал тұрғызыла бастады. Оған аталмыш елден мигранттардың көптеп келуі себеп болған. Болаттан жасалған қоршаудың ұзындығы 500 шақырымға жетеді. Биіктігі 4 метр.

Жоспар бойынша қамал құрылысы келесі жылы аяқталуы тиіс. Сондай-ақ 150 миллионнан астам еуро бөлінген жобаға бейнебақылау камералары да орнатылмақ. Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Литваға көршілес елден заңсыз 4 мыңға жуық босқын кірген.