Түркістан
EN

Германияда коронавирустың төртінші толқыны басталды

309
09.11.2021 09:33

Германияда короновирус індетінің төртінші толқыны басталды. Дәрігерлер осылайша дабыл қақты. Аймақта соңғы бір тәулікте 30 мыңнан астам тұрғыннан қауіпті дерт анықталған. Осыған байланысты үкімет тұрғындарға вакцина салу қарқынын арттырмақ. Бірақ карантиндік шектеулер әлі де енгізілмей отыр.

Айта кетсек, қазір елде жасөспірімдердің 60 проценттен астамы инфекцияға қарсы екпе алған. Ал вакцинадан бас тартқандар қоғамдық орындарға кіре алмайды. Тұрғындар болса, эпидахуалдың күннен-күнге ушығып бара жатқанына алаңдаулы.

️