Белградта өткен бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жанкүйерлері елорданың әуежайында күтіп алды. Олардың арасында спортшылардың туыстар мен қала тұрғындары бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жаһандық бәсекеде бес бірдей жүлдеге ие болды. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов алтыннан алқа тағынды. Ал Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс медаль еншіледі. Ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов қола медальға қол жеткізді.
️