«Дикий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қазақ боксшыларына ақша таратқан бейнежазбасы елдің қызу талқысына түскен еді. Мәдениет министрлігі мұны азаматтың жеке бастамасы екенін айтты. Сондай-ақ осы оқиғаға түсініктеме беру үшін Қазақстан бокс федерациясының басшылығына ресми сұрау жіберген.
Айта кетсек, атышулы бейнежазбадан кейін Арман Жұмагелдиевтің мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаевтың бірге түскен видеосы тарады. Онда ол әлем чемпионатына AIBA ның шақыртуымен қонақ болып келгенін, қазақстандық спортшыларының сағы сынбасын деп, оларға қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеген.
️