Бауырлас елдер бас қосқан осы жиында тағы бір тың жаңалық жария етілді. Ол – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде теология факультетінің ашылуы. Бұған дейін бұл оқу орнында 11 факультет болған. Енді оған он екінші болып теология саласындағы жоғары кәсіби мамандарды дайындайтын арнайы бөлім қосылды. Студент қабылдауды биылғы жаңа оқу жылынан бастайтын бұл факультетте Оқытушы-профессорлар құрамы 15 адамнан тұрады. Халықаралық Қазақ-түрік университеті 1991 жылы Түркістанда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен ашылған. Білім ордасынан отыз жылдың ішінде 80 мыңдай түлек түлеп ұшты.
️