Алаяқтарға алданғандар саны көбеюде

172
08.11.2021 03:59

Облыстық экономикалық тергеу департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырды. Өйткені алаяқтарға алданғандар күн сайын көбеюде. Мәселен, жыл басынан бері екі қаржы пирамидасының жолы кесілді. Мамандардың айтуынша, мұндай ұйымдардың 10 ерекше белгісі болады.

Оңай жолмен қалтасын қампайтамыз дейтіндер алдымен әжептеуір соманы инвестиция ретінде салуды талап етеді. Ірі пайыздармен ақшаны тез арада қайтаруға уәде береді. Сондай-ақ, аталмыш ұйымның ұйымдастырушыларына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан  айырылатын ескертеді.