Жыл басынан бері 15 заңсыз жер қазу фактісі тіркелген

282
08.11.2021 03:49

Жер байлығын  заңсыз қазу- тыйылмай тұр. Соның кесірінен жер қыртысы бүлініп, таудағы бұлақтар тартылып кетті,- дейді экологтар. Тіпті, өзендер сарқылып, ауылдар сусыз  отыр. Биыл  шағалтас, кұм, топырақты  тонналап таситындар көбейген. Құзырлы органдар  жыл басынан бері тура осындай 15 дерек анықтапты. Ал  қоршаған ортаға 2 жарым миллиард теңгеден астам  шығын келіпті.

Заңсыз әрекеттер  көбіне Кентау қаласы мен Сайрам және Ордабасы аудандарында  болған. Ең ірі залал  Сайрам ауданында тіркелген. Кәсіпкер ауыл шаруашылығы үшін алған жерін, басқа мақсатта пайдаланған. Соның кесірінен 930 миллионнан аса залал келген. Осыған қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүруде.