Қазығұрт ауданында биыл жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын жол жөнделді. Ол үшін 939,7 млн. теңге бөлінген. Жаңадан төселген жолдардың сапасын ұлттық сапа орталығы қадағалайды. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз брифингте мәлімдеді.
«Шарапхана-Жаңабазар-1 мамыр» облыстық маңызы бар жолының құрылысы жыл соңына аяқталады,- деп сендірді. 2019 жылы басталған Күрделі жөндеуге қазынадан 387 млн. теңге жұмсалған.
️