4 отандасымыз бокстан Әлем чемпионатының финалына өтті. Енді алтын медальға Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмуд Сабырхан және Серік Теміржанов таласады. Ширек финалда Теміртас Жүсіпов боксшысы Евгений Кармильчикты 5:0 есебімен жеңді. Махмуд Сабырхан да айласын асырып, 5:0 есебімен үндістандық қарсыласын ұтты.
Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржановтар да жанкүйерлерінің көңілін марқайтты. Өкінішке орай жартылай финалда бір боксшымыз жеңіліп қалды. Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов Жапониялыққа есе жіберді. Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы қола түсті.
️