Түркістан
EN

Мәжілісмендер Рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады

297
04.11.2021 09:35

1 мың адам бостандыққа шығады. Мәжілісмендер Рақымшылық жасау туралы заң жобасын бір ауыздан мақұлдады. Бұл ізгілікті іс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жүзеге аспақ. Қазір Қазақстандағы 64 түзеу және 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның 30 мыңына сот үкімі шыққан.

Қалған 4 мыңына қатысты тергеу жүріп жатыр. 93 пайызы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін жазасын өтеушілер. 45 пайызы осыған дейін істі болғандар. Тағы 32 мың адам пробациялық бақылауда. Рақымшылыққа ардагерлер, кәмелет жасына толмағандар, 1-2 топ мүгедектері және қоғамға зияны жоқ деп танылғандар ілігеді. 

️